Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Март 2024 года
"Наурыз - жыл басы!" ортаңғы топ "Күншуақ"
20
март
2024
"Наурыз - жыл басы!" ортаңғы топ "Күншуақ"
"Күншуақ" тобының балалары да   Наурыз тойын тойлады. Ата-аналар тәрбиешілерімен бірге дастархан жайып, қазақ халқының ертегілерін сахналап  көріністер қойды. Сонымен қоса, мерекеге орай дайындаған ән мен жыр, би мен күй ойналды. Жалпы балабақша ұжымы күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесіне айрықша әзірленген.
"Қош келдің, Әз Наурыз!" ортаңғы топ "Балапан"
18
март
2024
"Қош келдің, Әз Наурыз!" ортаңғы топ "Балапан"
Наурыз - көнеден келе жатқан мереке.  Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Ата-аналар мен тәрбиешілер мерекені ұйымдастырып, балалармен бірге ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.  
"Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары" атты кәсіподақ фестивалі
18
март
2024
"Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары" атты кәсіподақ фестивалі
VIII облыстық фестиваль Қазақастандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының құрылғанына 100 жыл толуына орай "БІЛІМ КӘСІПОДАҒЫ: 100 ЖЫЛ - БІР БАҒЫТ, БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ" тақырыбы аясында өткізілді. Балабақша ұжымы "ХОРЕОГРАФИЯ" жанры бойынша "Келіншектер" биін билеп, марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
"Үйдегі заттармен көңілді ойындар"
13
март
2024
"Үйдегі заттармен көңілді ойындар"
Балабақша дене шынықтыру нұсқаушысы Мамраимов Еркебулан Ержанович Ата-аналарға баланың көңілін аулау үшін аса қымбат ойыншық керек еместігін, үйдегі күнделікті қолданып жүрген заттармен де ойын ойнауға болатынын айтып, балалармен ойын ойнады. Үйдегі шелекті ортаға қойып, қалдық қағазда умаждап мыжып шелекке дәл түсіріп те ойнауға болады,- деп т.б ойын түрлерін көрсетті.
Педагогтерді аттестаттау тәртібіне түсініктеме
12
март
2024
Педагогтерді аттестаттау тәртібіне түсініктеме
АТТЕСТАТТАУ ТӘРТІБІНЕ ТҮСІНІКТЕМЕ "Салтанат" балабақшасының меңгерушісі Ф.А.Тажибаева педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы түсіндірме жұмыс жүргізді. 
МАРАПАТТАУ
07
март
2024
МАРАПАТТАУ
"8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні" мерекесіне орай жас ұрпаққа сапалы білім мен тәрбие берудегі қосқан елеулі үлесі үшін тәрбиеші Сагынбекова Гульмира Мырзахановна Байзақ ауданы білім бөлімінің ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!⚘️⚘️⚘️ 
"Ана -  асыл қазынам" ересек топ "Ботақан"
07
март
2024
"Ана - асыл қазынам" ересек топ "Ботақан"
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, ананың өлшеусіз еңбегін бағалауға үйрету. Анаға деген балалық махаббатын өз шығармаларында жырлай білу. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі де күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтындығын түсіндіру.  Аналар "Кім тапқыр?" ойынында берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу керек. Балалар аналарына ән -жыр, билерін арнады. 
"Терезе алдындағы бақша" ортаңғы топ "Күншуақ"
06
март
2024
"Терезе алдындағы бақша" ортаңғы топ "Күншуақ"
Мақсаты: Өсімдіктерді бөлме жағдайында өсіру туралы түсініктерін қалыптастыру. "Күншуақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Халмуратова Зубайда Шариповна "Терезе алдындағы бақша" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға жаңа өсімдікті тұқым сеуіп өсіруге болатындығын түсіндірді. Балалар пияз отырғызу, тұқым себуге белсенді қатысып, өз беттерінше жұмыс жасады.
"Қош келдің, алғашқы көктемім!" ересек топ "Қарлығаш"
06
март
2024
"Қош келдің, алғашқы көктемім!" ересек топ "Қарлығаш"
Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекеге келген аналарына арнап балалар өз өнерлерін көрсетті. Балалар өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын аналарына сыйлады.
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Март 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз