Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
19
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Қарлығаш»  ересек тобында «Табиғат аясында» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Шығармашылық бөлімде жапсыру бойынша «Күлімдейді күн маған» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Балалар дайын пішіндерді пайдалана отырып, күннің бейнесін құрастырып жапсырды. Жұмыс барысында түстерді үйлестіру, пішіндерді дұрыс орналастыру және ұқыпты жұмыс жасау дағдылары жетілдірілді.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
17
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Жаз да келді, көңілді» апталығында  «Күншуақ» мектепалды тобында балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында  «Сүйкімді кірпі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Мақсаты: балаларға   денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
16
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
Жаз да келді, көңілді» апталығында  «Балапан» ортаңғы тобында «Теңіздегі тіршілік» тақырыбында танымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілердің су әлемі туралы білімдерін кеңейту, теңіз жануарлары мен өсімдіктері туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалар   теңіздегі тіршілік иелерімен танысып, балықтар, дельфиндер, теңіз жұлдыздары, медузалар және басқа да су жануарлары туралы әңгімелесті.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
15
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Жаз да келді, көңілді» апталығында «Ботақан» ересек тобында «Сабын көпіршіктері күні» атты көңілді ойын-сауық іс-шарасы өткізілді.  Шара барысында балалар сабын көпіршіктерінің пайда болу ерекшеліктерімен танысып, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысты. Атап айтқанда, «Ең үлкен көпіршік», «Көпіршікті ұстап ал», «Көпіршіктер шеруі» сияқты ойындар ұйымдастырылды. Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, олардың әсемдігіне қызығушылық танытып, бір-бірімен достық қарым-қатынаста әрекет етті.
"Кәусәр бұлақ"
11
июнь
2026
"Кәусәр бұлақ"
«Бақытты балалық шақ» апталығы аясында «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Баян Тастанбековна «Кәусар бұлақ» тақырыбында  іс-шарасы ұйымдастырды. Т әрбиеленушілер өз қалаулары бойынша ертегі кейіпкерлерінің образдарын таңдап, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бейнеледі. 
"Таза аула-таза қала"
24
сентябрь
2025
"Таза аула-таза қала"
Бүгін балабақшада «Ботақан» ересек тобында экологиялық тәрбиеге бағытталған "Таза аула – таза қала" іс-шарасы аясында балалармен "Таза және лас судың айырмашылығын анықтау" тақырыбында танымдық тәжірибе жүргізілді.  Тәжірибенің мақсаты:  Балаларға судың тазалығының маңызын түсіндіру, лас және таза судың айырмашылығын көзбен көріп, салыстыру арқылы экологиялық сауаттылықты арттыру тәрбиеші: Муратбекова Сандугаш Сиезбековна
"АЛТЫН ДӘН"
06
август
2025
"АЛТЫН ДӘН"
"Ас атасы - нан" апталығы, " Алтын дән" тақырыбында өткізілген іс шарада балалар ыдыстағы дәндерді түрлеріне қарап ажыратып әр ыдысқа бөлді. Дәндерді пайдаланып ермексазбен жұмыс жасады. Ересек топ " БОТАҚАН "
"ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ"
29
июль
2025
"ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ"
"Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма" апталығы "Жәндіктер әлемі" ," Қарлығаш " ересек топ тәрбиеленушілері серуен кезінде табиғаттағы жәндіктерді бақылады. Балабақшадағы серуен кезінде жәндіктерді бақылау – балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, зерттеушілік қабілетін дамытатын өте пайдалы жұмыс.  – «Бүгін біз табиғаттағы кішкентай тіршілік иелері — жәндіктерді бақылаймыз. Олар қайда жасырынып жүреді екен?» Тәрбиеші Тлеубердиева Б.Т 
"ОЙЛАНАЙЫҚ, БАЛАҚАЙ!"
24
июль
2025
"ОЙЛАНАЙЫҚ, БАЛАҚАЙ!"
Ересек топ "Күншуақ".   "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма" апталығы, " Ойланайық, балақай!" тақырыбындағы іс -шара. Қазір жылдың қай мезгілі? Жазда ауа райы қандай болады? Жазда қандай жемістер, көкөністер піседі? Жазда қайда серуендегенді ұнатасыңдар? Табиғатта не өзгереді? - балаларға сұрақтар қою арқылы жаз мезгілі туралы білімдерін, ойлау қабілетін, тіл байлығын және қызығушылығын дамыту. Ермексаздан жаз мезгілін бейнеледі.
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз