Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Ертеңгіліктер
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
19
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Қарлығаш»  ересек тобында «Табиғат аясында» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Шығармашылық бөлімде жапсыру бойынша «Күлімдейді күн маған» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Балалар дайын пішіндерді пайдалана отырып, күннің бейнесін құрастырып жапсырды. Жұмыс барысында түстерді үйлестіру, пішіндерді дұрыс орналастыру және ұқыпты жұмыс жасау дағдылары жетілдірілді.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
17
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Жаз да келді, көңілді» апталығында  «Күншуақ» мектепалды тобында балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында  «Сүйкімді кірпі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Мақсаты: балаларға   денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
16
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
Жаз да келді, көңілді» апталығында  «Балапан» ортаңғы тобында «Теңіздегі тіршілік» тақырыбында танымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілердің су әлемі туралы білімдерін кеңейту, теңіз жануарлары мен өсімдіктері туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалар   теңіздегі тіршілік иелерімен танысып, балықтар, дельфиндер, теңіз жұлдыздары, медузалар және басқа да су жануарлары туралы әңгімелесті.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
15
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Жаз да келді, көңілді» апталығында «Ботақан» ересек тобында «Сабын көпіршіктері күні» атты көңілді ойын-сауық іс-шарасы өткізілді.  Шара барысында балалар сабын көпіршіктерінің пайда болу ерекшеліктерімен танысып, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысты. Атап айтқанда, «Ең үлкен көпіршік», «Көпіршікті ұстап ал», «Көпіршіктер шеруі» сияқты ойындар ұйымдастырылды. Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, олардың әсемдігіне қызығушылық танытып, бір-бірімен достық қарым-қатынаста әрекет етті.
"Кәусәр бұлақ"
11
июнь
2026
"Кәусәр бұлақ"
«Бақытты балалық шақ» апталығы аясында «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Баян Тастанбековна «Кәусар бұлақ» тақырыбында  іс-шарасы ұйымдастырды. Т әрбиеленушілер өз қалаулары бойынша ертегі кейіпкерлерінің образдарын таңдап, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бейнеледі. 
"Рәміздерім - мақтанышым"
05
июнь
2026
"Рәміздерім - мақтанышым"
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай балабақшамызда «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді.  Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың мәні мен маңызын түсіндіру.
"БАҚЫТТЫ БАЛАЛАЫҚ ШАҚ"
03
июнь
2026
"БАҚЫТТЫ БАЛАЛАЫҚ ШАҚ"
" Бақытты балалық шақ" 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақшамызда «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік шара барысында бүлдіршіндеріміз ән шырқап, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып, қызықты ойындар мен көңілді эстафеталарға белсене қатысты. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің көркін аша түсті. Біздің басты байлығымыз – бақытты балалар! Бүлдіршіндеріміздің балалық шағы жарқын, денсаулықтары мықты, болашақтары нұрлы болсын!
"БАУЫРСАҚ" ертегісі
20
апрель
2026
"БАУЫРСАҚ" ертегісі
Ортаңғы "Балапан" тобында   «Бауырсақ» тақырыбында ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді.  Іс-әрекеттің негізгі мақсаты: Балаларды «Бауырсақ» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегі кейіпкерлерін ажырата білуге үйрету; оқиға желісін түсініп, мазмұнын әңгімелей білу дағдыларын қалыптастыру. Балалардың сөйлеу тілін, есте сақтау қабілетін, қиялын және шығармашылық белсенділігін дамыту, ертегі арқылы жақсылық пен жамандықты ажырата білуге тәрбиелеу. 
"ҒАРЫШ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ"
13
апрель
2026
"ҒАРЫШ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ"
Балабақшада "Қарлығаш" ересек тобында ұйымдастырылған іс-әрекет барысында «Ғарыш әлеміне саяхат» тақырыбында танымдық және шығармашылық жұмыс өткізілді.  Іс-шараның мақсаты – балаларға ғарыш туралы түсінік беру, олардың қызығушылығын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. ҰІӘ барысында балалар ғарыш, жұлдыздар, планеталар және зымыран туралы мағлұмат алды. Тәрбиеші балалармен сұрақ-жауап жүргізіп, олардың ойлау қабілеттерін дамытты. Сонымен қатар, балалар шығармашылық жұмыс жасап,
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 23 Вперед
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Июль 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз