"Балабақша жайлы мекен"
1 қыркүйек күні балабақшада дәстүрлі Білім күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар тәрбиешілермен бірге ән айтып, өлең оқып, ойындар ойнады. Іс-шара барысында Мемлекеттік Әнұран орындалды. Тәрбиешілер балаларға білімнің маңызы, балабақшадағы тәртіп пен тәрбие жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әр топта "Білім бастауы – балабақшадан" тақырыбында ашық ҰІӘ өтті.