Көрме "Күзгі қиял әлемі"
Балабақшадағы "Күзгі қиял әлемі" атты тақырыпта өткізілген көрмеге «Аналар мектебі» жобасы аясында, балалар мен ата-аналардың бірлесіп қатысуымен ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – күзгі мезгілдің табиғи өнімдерін (көкөністер мен жемістер) пайдалана отырып, пайдалы әрі дәмді салаттар дайындау арқылы балалардың еңбекке, дұрыс тамақтануға деген қызығушылығын арттыру және ата-аналармен серіктестікті нығайту болды. Іс-шараға қатысқан аналарға көп рақмет!