"Ханталапай" ұлттық ойындар
Ұлттық ойындар- ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан, ұлттық ойындарды үйренудің, күнделікті пайдалудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге орасан пайдасы зор. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, ұштаса береді. Консультациялық пунктке келген балалармен балабақша дене тәрбие жетекшісі Мамраимов Е.Е ұлттық ойындар жайлы түсіндіріп, ойнатты.