Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналармен "Келіңіз танысайық" тақырыбында дөңгелек үстел
25
сентябрь
2024
Ата-аналармен "Келіңіз танысайық" тақырыбында дөңгелек үстел
2024-2025 оқу жылына арналған конултьтациялық пункт жоспарына сәйкес психолог Меруерт Давлетова "Келіңіз,танысайық" тақырыбында ата-аналармен дөңгелек үстел өткізді.  Ата-аналарға консультациялық пункт  жоспарымен таныстырып, келісім шарт жасалынды.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖОСПАР
04
сентябрь
2024
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА ЖОСПАР
Ата-аналарды мектепке дейінгі балалардың жан-жақты дамуы, денсаулығы, тәрбие және оқу процесіндегі ерекшеліктері жөнінде тұрақты түрде ақпараттандыру, балалардың физикалық, эмоционалдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық дамуына қолдау көрсету жолдарын көрсету, отбасылық тәрбие мен баланың дамуы арасындағы байланысты нығайту және ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру. 
"Балабақшаға алғаш келгенде" ата-аналарға арналған психолог кеңесі
04
сентябрь
2024
"Балабақшаға алғаш келгенде" ата-аналарға арналған психолог кеңесі
Ата-аналарды баланың психологиялық дамуының ерекшеліктері, эмоциялық және әлеуметтік қажеттіліктері туралы хабардар ету, баламен тиімді қарым-қатынас орнату, мінез-құлық мәселелерін түсіну және шешу жолдарын көрсету, сонымен қатар отбасында қолайлы психологиялық орта қалыптастыруға қолдау көрсету.
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ 2024-2025 оқу жылы
02
сентябрь
2024
КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ 2024-2025 оқу жылы
ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!  "САЛТАНАТ" балабақшасының базасында 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалары мектепке дейінгі ұйымға бармайтын және баратын ата-аналарға (заңды өкілдерге) арналған ТЕГІН КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс істейді. консультация алуға мына телефон арқылы жазылуға болады: 87711586800
"БАЛАНЫ ОЙНАП ДАМЫТАМЫЗ"
24
июнь
2024
"БАЛАНЫ ОЙНАП ДАМЫТАМЫЗ"
Ата-аналарға ойынның баланың жан-жақты дамуына, соның ішінде танымдық, тілдік, эмоционалдық, әлеуметтік және шығармашылық қабілеттеріне әсерін түсіндіру, үйде жас ерекшелігіне сай дамытушы ойындарды ұйымдастыру жолдарын көрсету, баланың дамуына қолайлы психологиялық және қызықты орта қалыптастыру.
"Арт-терапия"
17
апрель
2024
"Арт-терапия"
Балабақша психологі Давлетова Меруерт Калмахамбетовна консультациялық пунктке келген балаларға шығармашылық қабілетінің белсенділігін анықтауда "Арт-терапияны" қолданды. Бұл терапия баланың тек шығармашылық қабілетін дамыту ғана емес, сонымен қатар баланың бойындағы барлық ресурстарының мүмкіндігін ашуға жағдай жасау. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту құралы ретінде сурет салу терапиясын қолданды.
"Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі"
03
апрель
2024
"Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі"
Ойыншық-балалардың өсіп жетілуіне, ақыл-ойының, тілінің дамуында үлкен орын алады, Ата-аналарға балабақша психологі Меруерт Калмахамбетовна бала туылғаннан бастап жан-жақты дамуына ойыншық маңызды құрал екені туралы кеңес берді.
"Үйдегі заттармен көңілді ойындар"
13
март
2024
"Үйдегі заттармен көңілді ойындар"
Балабақша дене шынықтыру нұсқаушысы Мамраимов Еркебулан Ержанович Ата-аналарға баланың көңілін аулау үшін аса қымбат ойыншық керек еместігін, үйдегі күнделікті қолданып жүрген заттармен де ойын ойнауға болатынын айтып, балалармен ойын ойнады. Үйдегі шелекті ортаға қойып, қалдық қағазда умаждап мыжып шелекке дәл түсіріп те ойнауға болады,- деп т.б ойын түрлерін көрсетті.
Кеңес: "Баланы ойнап дамытамыз"
24
январь
2024
Кеңес: "Баланы ойнап дамытамыз"
Балалармен ойын жаттығуларын жүргізе отырып, олардың айналасындағы заттармен таныстырып, атын айта білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз