"Үйдегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары"
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған балалар әрекеті түрлерінің тақырыптық жоспары бойынша "Қарлығаш" ересек тобында "Үйдегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары" тақырыбында ҰІӘ өткізілді. Міндеттері: Үйдегі қауіпті заттарды (электр құралдары, газ, дәрі-дәрмек, өткір заттар) ажырата білуге үйрету; Төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру; Үлкендердің рұқсатынсыз қауіпті әрекеттер жасамауға тәрбиелеу; Жауапкершілік пен сақтық сезімін дамыту.