04
март
2026
"Үйдегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары"
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған балалар әрекеті түрлерінің тақырыптық жоспары бойынша "Қарлығаш" ересек тобында "Үйдегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары" тақырыбында ҰІӘ өткізілді.
Міндеттері:Үйдегі қауіпті заттарды (электр құралдары, газ, дәрі-дәрмек, өткір заттар) ажырата білуге үйрету;
Төтенше жағдай кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру;
Үлкендердің рұқсатынсыз қауіпті әрекеттер жасамауға тәрбиелеу;
Жауапкершілік пен сақтық сезімін дамыту.
Тәрбиеші: Тлеубердиева Баян








