«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы»
22 наурыз – Наурыз мейрамы мерекесіне орай балабақшада «Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» атты ұлттық ойындар іс-шарасы ұйымдастырылып, өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілерге қазақ халқының ұлттық ойындарын таныстыру, олардың дене белсенділігін арттыру және ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын қалыптастыру.
Шара барысында балалар әртүрлі ұлттық ойындарға белсене қатысты. Атап айтқанда, «арқан тарту», «асық ату», «қол күрес» сияқты ойындар ұйымдастырылып, тәрбиеленушілер өз ептіліктері мен жылдамдықтарын көрсетті. Балалар ойын ережелерін сақтай отырып, достық пен ұйымшылдық танытты.
Іс-шара барысында ұлттық дәстүрлер дәріптеліп, балалардың ой-өрісі мен қимыл-қозғалыс дағдылары дамытылды. Шара қызықты да көңілді өтіп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.









