Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Июнь 2026 года
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
19
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Қарлығаш»  ересек тобында «Табиғат аясында» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Шығармашылық бөлімде жапсыру бойынша «Күлімдейді күн маған» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Балалар дайын пішіндерді пайдалана отырып, күннің бейнесін құрастырып жапсырды. Жұмыс барысында түстерді үйлестіру, пішіндерді дұрыс орналастыру және ұқыпты жұмыс жасау дағдылары жетілдірілді.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
17
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Жаз да келді, көңілді» апталығында  «Күншуақ» мектепалды тобында балалардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында  «Сүйкімді кірпі» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Мақсаты: балаларға   денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, пайдалы және зиянды тағамдарды ажырата білуге үйрету, дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
16
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
Жаз да келді, көңілді» апталығында  «Балапан» ортаңғы тобында «Теңіздегі тіршілік» тақырыбында танымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілердің су әлемі туралы білімдерін кеңейту, теңіз жануарлары мен өсімдіктері туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалар   теңіздегі тіршілік иелерімен танысып, балықтар, дельфиндер, теңіз жұлдыздары, медузалар және басқа да су жануарлары туралы әңгімелесті.
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
15
июнь
2026
"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Жаз да келді, көңілді» апталығында «Ботақан» ересек тобында «Сабын көпіршіктері күні» атты көңілді ойын-сауық іс-шарасы өткізілді.  Шара барысында балалар сабын көпіршіктерінің пайда болу ерекшеліктерімен танысып, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысты. Атап айтқанда, «Ең үлкен көпіршік», «Көпіршікті ұстап ал», «Көпіршіктер шеруі» сияқты ойындар ұйымдастырылды. Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, олардың әсемдігіне қызығушылық танытып, бір-бірімен достық қарым-қатынаста әрекет етті.
"Кәусәр бұлақ"
11
июнь
2026
"Кәусәр бұлақ"
«Бақытты балалық шақ» апталығы аясында «Қарлығаш» ересек тобының тәрбиеленушілерімен тәрбиеші Баян Тастанбековна «Кәусар бұлақ» тақырыбында  іс-шарасы ұйымдастырды. Т әрбиеленушілер өз қалаулары бойынша ертегі кейіпкерлерінің образдарын таңдап, олардың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерін бейнеледі. 
"Рәміздерім - мақтанышым"
05
июнь
2026
"Рәміздерім - мақтанышым"
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай балабақшамызда «Рәміздерім – мақтанышым» тақырыбында мерекелік ертеңгілік ұйымдастырылып өткізілді.  Іс-шараның мақсаты – тәрбиеленушілердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тәрбиелеу, олардың мәні мен маңызын түсіндіру.
"БАҚЫТТЫ БАЛАЛАЫҚ ШАҚ"
03
июнь
2026
"БАҚЫТТЫ БАЛАЛАЫҚ ШАҚ"
" Бақытты балалық шақ" 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай балабақшамызда «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік ертеңгілік өтті. Мерекелік шара барысында бүлдіршіндеріміз ән шырқап, би билеп, тақпақтарын мәнерлеп оқып, қызықты ойындар мен көңілді эстафеталарға белсене қатысты. Балалардың шат күлкісі мен қуанышты жүздері мерекенің көркін аша түсті. Біздің басты байлығымыз – бақытты балалар! Бүлдіршіндеріміздің балалық шағы жарқын, денсаулықтары мықты, болашақтары нұрлы болсын!
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз