Балабақша жылдық жоспарына сәйкес, наурыз айында "Ботақан" ересек топ тәрбиеленушілері С.Абланов атындағы орта мектеп оқушыларының қол еңбегі көрмесіне саяхат жасады. Балалар мектеппен жақынырақ танысып,өз әсерлерімен бөлісіп, қол еңбегіне деген қызығушылықтары артты.