Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Балабақша жайлы мекен"
03
сентябрь
2025
"Балабақша жайлы мекен"
1 қыркүйек күні балабақшада дәстүрлі Білім күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар тәрбиешілермен бірге ән айтып, өлең оқып, ойындар ойнады. Іс-шара барысында Мемлекеттік Әнұран орындалды. Тәрбиешілер балаларға білімнің маңызы, балабақшадағы тәртіп пен тәрбие жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әр топта "Білім бастауы – балабақшадан" тақырыбында ашық ҰІӘ өтті.
"Әлди - әлди ақ бөпем"
13
июль
2025
"Әлди - әлди ақ бөпем"
Ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған "Әлди-әлди ақ бөпем" челенджін ортаңғы "Балапан" тобы ұйымдастырды. Тәрбиеші Маметова А.Д
"Мектепке саяхат"
02
апрель
2025
"Мектепке саяхат"
Біздің балабақша ауылымыздағы С.Абланов атындағы орта мектебімен сабақтастық бойынша жұмыс жүргізуде. Балабақша жылдық жоспарына сәйкес,   мектеппен сабақтастық жоспары бойынша, балаларды мектеп өмірімен таныстыру мақсатында С.Абланов орта мектебіне 28 наурыз күні "Күншуақ" ересек тобының тәрбиеленушілері сахатқа барды. Саяхат барысында балалар бастауыш сыныптармен, кітапханамен, спорт залмен, табиғат бұрышы орналасқан бөлмесімен танысты. Мектептің бір күндік өмірінен керемет әсер алып
Мектеп оқушыларының қол еңбегі көрмесіне саяхат
31
март
2025
Мектеп оқушыларының қол еңбегі көрмесіне саяхат
Балабақша  жылдық жоспарына сәйкес, наурыз айында  "Ботақан" ересек топ тәрбиеленушілері С.Абланов атындағы орта мектеп оқушыларының қол еңбегі көрмесіне саяхат жасады. Балалар мектеппен жақынырақ танысып,өз әсерлерімен бөлісіп, қол еңбегіне деген қызығушылықтары артты. 
"Әжемнің ертегілеріне саяхат" танымдық сағаты
14
февраль
2025
"Әжемнің ертегілеріне саяхат" танымдық сағаты
"Әжемнің ертегілеріне саяхат" танымдық сағаты іс-шарасы "Күншуақ" ересек тобында өткізілді. Әжелер балаларға "Бір үзім нан", "Ақылды етікші" ертегілерін айтып берді. 
"Мектеп пен балабақша: Үздіксіз білім берудің кепілі "
14
февраль
2025
"Мектеп пен балабақша: Үздіксіз білім берудің кепілі "
Балабақшаның жылдық жоспарына сәйкес, мектеппен сабақтастық жоспары бойынша С.Абланов орта мектептің педагогтерімен бірігіп "Мектеп пен балабақша: Үздіксіз білім берудің кепілі " атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.  Дөңгелек үстелге балабақша тәрбиешілері,әдіскер, С.Абланов орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері және мектеп директоры М.К.Шартыкбаева қатысты. С.Абланов атындағы орта мектептің ұжымына алғыс білдіреміз!
"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" байқауы
06
февраль
2025
"Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" байқауы
"Әкелер мектебі" жобасын іске асыру мақсатында "Ұлттық ойын - ұлт қазынасы" тақырыбында іс-шара өткізілді. Байқау 4 кезеңнен болды. Әкелерге бала, тәрбие, ұлттық ойын туралы сұрақтар қойылды.  Ұ йымдастырған: дене тәрбиесі жетекшісі Е.Е.Мамраимов
"Әжемнің ертегілеріне саяхат!"
29
январь
2025
"Әжемнің ертегілеріне саяхат!"
"Әжемнің ертегілеріне саяхат!" танымдық сағаты іс-шарасына Гүлзира әже мен Қарақас әже қонақта болып, балаларға "Алтын сақа" ертегісін айтып берді. Тәрбиеші: Акинбаева Сандугаш. 
"Ою-өрнектер сыр шертеді" ересек топ "Қарлығаш"
18
декабрь
2024
"Ою-өрнектер сыр шертеді" ересек топ "Қарлығаш"
"Біртұтас тәрбие бағдарламасы" аясында "Аналар мектебі" бойынша "Ою-өрнектер сыр шертеді" тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Назад 1 2 Вперед
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз