Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
Ата-аналарға арналаған тренинг "Бақытты бала-бақытты отбасы"
12
октябрь
2025
Ата-аналарға арналаған тренинг "Бақытты бала-бақытты отбасы"
Тренинг тақырыбы:«Бақытты бала – бақытты отбасы»  мақсаты: Ата-аналарға баланың бақытты болуы отбасындағы қарым-қатынасқа тікелей байланысты екенін түсіндіру;  Отбасындағы өзара сыйластық, махаббат, қолдау бала дамуына қалай әсер ететінін көрсету;  Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі эмоционалдық, психологиялық рөлін ашу;  Қатысушылар арасында ашық қарым-қатынас орнату, тәжірибе алмасу. тәрбиешілер: Сагынбекова Г.М, Маметова А.Д
Ата-аналарға арналған дөңгелек үстел " Отбасы - тәрбиенің ұясы"
12
октябрь
2025
Ата-аналарға арналған дөңгелек үстел " Отбасы - тәрбиенің ұясы"
Балабақшада "Балапан" ортаңғы топ тәрбиешілірінің ұйымдастыруымен «Отбасы – тәрбиенің ұясы» атты тақырыпта ата-аналарға арналған дөңгелек үстел өткізілді.  Мақсаты: Ата-аналарға отбасының бала тәрбиесіндегі негізгі рөлі туралы түсінік беру, отбасы мен балабақша арасындағы ынтымақтастықты нығайту, бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтарға сүйене отырып, саналы ұрпақ тәрбиелеуге бағыттау. Тәрбиешілер Мархабаева А.Ж, Акинбаева С.С 
"Қарттарым - асыл қазынам"
12
октябрь
2025
"Қарттарым - асыл қазынам"
Балабақшада 1 қазан - Халықаралық қарттар күніне орай «Қарттарым – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мақсаты: балаларды үлкенді сыйлауға, қарттарға құрметпен қарауға тәрбиелеу, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу болды. Шара барысында тәрбиеленушілер қарттарға арнап әндер орындап, би билеп, тақпақтар айтты. Қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйланып, қарттарға ізгі тілектер жолданды. Тәрбиеші: Надырбаева С.С 
Балабақша түлектерінің мектепке орналасу жағдайын және бейімделуін бақылау
30
сентябрь
2025
Балабақша түлектерінің мектепке орналасу жағдайын және бейімделуін
Балабақшаның жылдық жоспарындағы "Орта білім беру ұйымдарымен өзара іс-әрекет" бөліміне сәйкес С.Абланов орта мектебіндегі балабақша түлектерінің мектепке орналасу жағдайын және бейімделуіне тәрбиешілер Мархабаева А, Сагынбекова Г бақылау жасап келді. Балабақшада тәрбие берген апайларын көрген бүлдіршіндер шаттанып, қуанышқа бөленді. 
"Балабақша жайлы мекен"
03
сентябрь
2025
"Балабақша жайлы мекен"
1 қыркүйек күні балабақшада дәстүрлі Білім күніне арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Балалар тәрбиешілермен бірге ән айтып, өлең оқып, ойындар ойнады. Іс-шара барысында Мемлекеттік Әнұран орындалды. Тәрбиешілер балаларға білімнің маңызы, балабақшадағы тәртіп пен тәрбие жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, әр топта "Білім бастауы – балабақшадан" тақырыбында ашық ҰІӘ өтті.
"Әлди - әлди ақ бөпем"
13
июль
2025
"Әлди - әлди ақ бөпем"
Ұлттық тәрбиені насихаттауға бағытталған "Әлди-әлди ақ бөпем" челенджін ортаңғы "Балапан" тобы ұйымдастырды. Тәрбиеші Маметова А.Д
"Мектепке саяхат"
02
апрель
2025
"Мектепке саяхат"
Біздің балабақша ауылымыздағы С.Абланов атындағы орта мектебімен сабақтастық бойынша жұмыс жүргізуде. Балабақша жылдық жоспарына сәйкес,   мектеппен сабақтастық жоспары бойынша, балаларды мектеп өмірімен таныстыру мақсатында С.Абланов орта мектебіне 28 наурыз күні "Күншуақ" ересек тобының тәрбиеленушілері сахатқа барды. Саяхат барысында балалар бастауыш сыныптармен, кітапханамен, спорт залмен, табиғат бұрышы орналасқан бөлмесімен танысты. Мектептің бір күндік өмірінен керемет әсер алып
Мектеп оқушыларының қол еңбегі көрмесіне саяхат
31
март
2025
Мектеп оқушыларының қол еңбегі көрмесіне саяхат
Балабақша  жылдық жоспарына сәйкес, наурыз айында  "Ботақан" ересек топ тәрбиеленушілері С.Абланов атындағы орта мектеп оқушыларының қол еңбегі көрмесіне саяхат жасады. Балалар мектеппен жақынырақ танысып,өз әсерлерімен бөлісіп, қол еңбегіне деген қызығушылықтары артты. 
№ 2 әдістемелік кеңес  отырысы
19
февраль
2025
№ 2 әдістемелік кеңес отырысы
  Күн тәртібіндегі мәселе бойынша  Әдістемелік кеңеске педагогтердің өз жұмысында қолданып жүрген екі әдістемелік құрал ұсынылған және кеңес отырысында кеңес мүшелерінің дайындаған ұсыныстары мен қорытындылары бойынша жұмыстарға талдау жасалды. Музыка жетекшісі Рланова Перизат Шиенбаевна  «Мектепке дейінгі балаларды ән айтуға үйрету әдістемесі» әдістемелік құралын, п сихолог Давлетова Меруерт Калмухамбетовна,  тәрбиеші Шымыркулова Куралай Абдиманаповна   «Ойнайық та, ойлайық» авторлық
"Әжемнің ертегілеріне саяхат" танымдық сағаты
14
февраль
2025
"Әжемнің ертегілеріне саяхат" танымдық сағаты
"Әжемнің ертегілеріне саяхат" танымдық сағаты іс-шарасы "Күншуақ" ересек тобында өткізілді. Әжелер балаларға "Бір үзім нан", "Ақылды етікші" ертегілерін айтып берді. 
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз