30
ноябрь
2023
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
"Ботақан" ересек тобы.
"Ұлттық ойындар" ертеңгілігіне топтағы барлық балалар ұлттық киім киіп қатысты. Аспаймын,саспаймын, тақияны кімге тастаймын - деп "Тақия тастамақ" ойынын ойнады. Ойында қуып жете алмаған бала айыбын ән айтып, би билеп өтеді. Ұл балалар ортаға шығып күш сынасып, білектесіп "Күш сынаспақ" ойынына шықты. Қатысушылардың арасынан Мұхтар Нұрасыл жеңіске жетті. Топтағы қыздар мен ұлдар екі топқа бөлініп "Арқан тартыс" ойынына шықты. Алғашқысында ұлдар жағы сәл әлсіздеу болып, қыздар тобы жеңіп шықты. Намысқа тырысқан ұлдар екінші айналымда жеңіске жетті. Тәрбиеші Акинбаева Сандуғаш ойын ережесін түсіндіріп, балаларды ойынға қызықтырып, ертеңгілікті өте жақсы деңгейде ұйымдастырды.