28
декабрь
2023
"Ғажайып Жаңа жыл!" ересек топ "Ботақан"
Жаңа жыл мерекесі - жасыл шырша.жылтырлаған шамдар ілінген музыкалық залда өткізілді. Балалардың жыл бойы күткен қонақтары Аяз ата мен Ақшақар келді. Алыс жолдан шаршап келген Аяз ата балалардың өнерін тамашалап, қуанып қалды. Аяз атадан сыйлық алуға қасқыр, қоян,түлкі де келді. Орман жануарлары ата-аналармен ойын ойнап, жарыстарға қатысты. Балаларға мереке ұнап, мәз-мейрам болды. Аяз ата мереке соңында балалар мен орман жануарлары көптеген сыйлықтар берді.



