07
март
2023
Ертеңгілік "Ана біздің күніміз" Ортаңғы топ "Ботақан"
Әдемі безендірілген залда ертеңгілік өтті. Ертеңгілікке 30 бала түгелдей қатысты. Аналарына арнап ән салып, тақпақ айтып берді. Қыздар "Қолшатыр" және "Гүлдер" биін биледі. Әзіл би "Аспазшылар"және "Серуенде" биін биледі. "Сән салоны" ойынында балалар аналарына әшекей бұйымдарын тағып, сәнді қалпақ кигізіп, бояндырып сәндеді. Балабақша меңгерушісі Ф.А Тажибаева және ата-аналар Сагынова Г, Әлметова Ж сөз сөйлеп мерекемен құттықтады. Аналар ортаға шығып балаларымен би биледі. Балалар өз қолдарымен жасаған гүлді аналарына сыйлады. Топ тәрбиешілері Шымыркулова Құралай, Акинбаева Сандуғаш. Тәрбиеші көмекшісі: Асенбаева Самал






