03
февраль
2026
"Күншуақ" мектепалды топ "Сандар әлеміне саяхат"
Балабақшаның жылдық іс-жоспарына сәйкес 2026 жылдың 29 қаңтар күні тәрбиші Маметова Алия Дуйшембиевна «Күншуақ» мектепалды тобында «Сандар әлеміне саяхат» атты тақырыпта ашық ұйымдастырылған іс-әрекет өткізді.
Іс-әрекеттің мақсаты – балаларға сандарды тану, санау дағдыларын дамыту және логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балалар көлікке отырып, «Сандар әлеміне» саяхатқа шықты. Саяхат барысында аялдамаларға тоқтап сандарды ажырату, салыстыру, есептеу тапсырмаларын орындады. Ойын элементтері арқылы балалардың қызығушылығы арттырылып, танымдық белсенділігі дамытылды.
Тәрбиеші Маметова Алия









