18
октябрь
2023
"Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуындағы халық ертегілерінің рөлі"
Мақсаты: Ертегі арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын қалыптастыру.
Ертегі тыңдау арқылы бала оған еліктейді, өзі де ертегінің басқа түрін ойлап шығарады. Түйсік қабілеттері дамиды. Кішкентайынан ертегі тыңдап өскен бала ақылды, зерек, терең ойлы, зейінді болып өседі. Балалардың ең сүйіп тыңдайтын дүниесі - ертегі қайталап айту арқылы баланың сөздік қоры дамиды.Балабақша тәрбиешісі Маметова Алия ата-аналарға балаларға ертегі оқудың маңызды екенін, баланың тілін жаттықтыратынын,ойлау қабілеті дамып,сөздік қоры кеңейетіні туралы кеңес берді. Топтардағы мобильді кітапхана туралы да түсініктеме берді.


