23
март
2026
«Наурыз жыл басы!»
«Наурыз жыл басы!» атты ертеңгілік Наурыз мейрамы мерекесіне орай ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тәрбиеленушілерге ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттау, көктем мерекесінің мәнін түсіндіру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
Ертеңгілік барысында балалар Наурыз тақырыбына арналған тақпақтарын айтып, ән шырқап, ұлттық билер биледі. Сонымен қатар, сахналық көріністер қойылып, «Қыдыр ата» бейнесі арқылы ізгі тілектер айтылды. Ұлттық ойындар ұйымдастырылып, балалар белсенді қатысып, өз өнерлерін көрсетті.








