23
декабрь
2025
"Қош келдің Жаңа жылым!"
Балабақшада 2025 жылы 23 желтоқсан күні "БАЛАПАН" тобының тәрбиеленушілері арасында
«Қош келдің, Жаңа жылым!» атты жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді.
Ертеңгіліктің мақсаты – балаларға жаңа жыл мерекесінің мән-мағынасын түсіндіру, қуаныш сыйлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжыммен әрекет етуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында балалар Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, тақпақтар айтып, ән шырқап, би билеп, түрлі ойындарға белсене қатысты. Мерекелік қойылымдар арқылы балалардың өнерге деген қызығушылығы артты.
Ертеңгілік соңында Аяз ата балаларға сыйлықтар табыстап, мерекелік көңіл күй сыйлады. Іс-шара жоғары деңгейде, қызықты әрі әсерлі өтті.









