Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Таза аула-таза қала"
24
сентябрь
2025
"Таза аула-таза қала"
Бүгін балабақшада «Ботақан» ересек тобында экологиялық тәрбиеге бағытталған "Таза аула – таза қала" іс-шарасы аясында балалармен "Таза және лас судың айырмашылығын анықтау" тақырыбында танымдық тәжірибе жүргізілді.  Тәжірибенің мақсаты:  Балаларға судың тазалығының маңызын түсіндіру, лас және таза судың айырмашылығын көзбен көріп, салыстыру арқылы экологиялық сауаттылықты арттыру тәрбиеші: Муратбекова Сандугаш Сиезбековна
"Аспазшы" сюжеттік рөлдік ойыны
17
август
2025
"Аспазшы" сюжеттік рөлдік ойыны
Мақсаты: Балалардың еңбекке деген сүйіспеншілігін, тамақ әзірлеу процесіне қызығушылығын арттыру, аспазшы мамандығы туралы түсінік беру. Ойын барысында балалардың сөздік қоры мен шығармашылық қабілетін дамыту, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, бірлесіп әрекет етуге үйрету. "Аспазшы" сюжеттiк ойыны балалардың сөйлеу, ойлау және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытты. Балалар ынтымақтастықпен әрекет етіп, өзара көмектесу мен сыйластықты көрсете білді. Ойын балалар үшін қызықты әрі тәрбиелік мәні
"АБАЙ ӘЛЕМІ" КІТАП БҰРЫШЫ
12
август
2025
"АБАЙ ӘЛЕМІ" КІТАП БҰРЫШЫ
"Ұлы Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шараларды ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиажоспарының" 209 тармағына сәйкес балабақшамызда "Абай әлемі" тақырыбында кітап бұрышы ұйымдастырылды. Балабақшада «Абай әлемі» атты кітап бұрышын ұйымдастыру – балаларға ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын таныстырудың тамаша жолы. Мұндай бұрыш ұлттық рухани құндылықтарды насихаттауға, тіл байлығын дамытуға және эстетикалық тәрбие беруге бағытталады. Ересек топ "Қарлығаш" 
«Жемістер мен көкөністер» фестивалі
11
август
2025
«Жемістер мен көкөністер» фестивалі
Фестиваль мерекелік көңіл күйде басталды. Балалар жемістер мен көкөністер туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, түрлі қойылымдар қойды. Арнайы көрме ұйымдастырылып, онда ата-аналар мен балалар бірлесіп жасаған қолданбалар, қолөнер бұйымдары мен композициялар қойылды.
"ДОСТЫҚ АЛЛЕЯСЫ"
06
август
2025
"ДОСТЫҚ АЛЛЕЯСЫ"
"Менің достарым"апталығы, "Достық аллеясы" тақырыбында іс-шара. Балаларды табиғатты аялауға, достықты қадірлеуге, ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеуге тәрбиелеу. Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту, табиғи материалдармен жұмыс істеуге баулу және ұлттық ойындар арқылы қозғалыс белсенділігін арттыру. Ересек топ " БОТАҚАН" 
"АЛТЫН ДӘН"
06
август
2025
"АЛТЫН ДӘН"
"Ас атасы - нан" апталығы, " Алтын дән" тақырыбында өткізілген іс шарада балалар ыдыстағы дәндерді түрлеріне қарап ажыратып әр ыдысқа бөлді. Дәндерді пайдаланып ермексазбен жұмыс жасады. Ересек топ " БОТАҚАН "
"ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ"
29
июль
2025
"ЖӘНДІКТЕР ӘЛЕМІ"
"Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма" апталығы "Жәндіктер әлемі" ," Қарлығаш " ересек топ тәрбиеленушілері серуен кезінде табиғаттағы жәндіктерді бақылады. Балабақшадағы серуен кезінде жәндіктерді бақылау – балалардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, зерттеушілік қабілетін дамытатын өте пайдалы жұмыс.  – «Бүгін біз табиғаттағы кішкентай тіршілік иелері — жәндіктерді бақылаймыз. Олар қайда жасырынып жүреді екен?» Тәрбиеші Тлеубердиева Б.Т 
"ОЙЛАНАЙЫҚ, БАЛАҚАЙ!"
24
июль
2025
"ОЙЛАНАЙЫҚ, БАЛАҚАЙ!"
Ересек топ "Күншуақ".   "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма" апталығы, " Ойланайық, балақай!" тақырыбындағы іс -шара. Қазір жылдың қай мезгілі? Жазда ауа райы қандай болады? Жазда қандай жемістер, көкөністер піседі? Жазда қайда серуендегенді ұнатасыңдар? Табиғатта не өзгереді? - балаларға сұрақтар қою арқылы жаз мезгілі туралы білімдерін, ойлау қабілетін, тіл байлығын және қызығушылығын дамыту. Ермексаздан жаз мезгілін бейнеледі.
"ГҮЛДЕР КҮНІ"
23
июль
2025
"ГҮЛДЕР КҮНІ"
"Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма" апталығы,"Гүлдер күні". Мақсаты: Балаларға гүлдердің құрылымы (күлте, сабақ, жапырақ) туралы түсінік беру. Түрлі түстер мен пішіндерді ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. Табиғатты сүюге, гүлдерді күтіп-баптауға тәрбиелеу. Ересек топ "БОТАҚАН" 
"АЛТЫН БАЛЫҚ"
23
июль
2025
"АЛТЫН БАЛЫҚ"
Ортаңғы топ " Балапан", "Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма" апталығы, " Алтын балық" патшалығына саяхат. Міндеті: Балалардың су әлемі, балықтар туралы түсінігін кеңейту, табиғатты сүюге, тіршілік иелеріне қамқор болуға тәрбиелеу. Дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту. Қимыл-қозғалыс арқылы моторика мен ептілікті жетілдіру.
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Март 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз