Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Терезе алдындағы бақша" ортаңғы топ "Күншуақ"
06
март
2024
"Терезе алдындағы бақша" ортаңғы топ "Күншуақ"
Мақсаты: Өсімдіктерді бөлме жағдайында өсіру туралы түсініктерін қалыптастыру. "Күншуақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Халмуратова Зубайда Шариповна "Терезе алдындағы бақша" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға жаңа өсімдікті тұқым сеуіп өсіруге болатындығын түсіндірді. Балалар пияз отырғызу, тұқым себуге белсенді қатысып, өз беттерінше жұмыс жасады.
"Қош келдің, алғашқы көктемім!" ересек топ "Қарлығаш"
06
март
2024
"Қош келдің, алғашқы көктемім!" ересек топ "Қарлығаш"
Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекеге келген аналарына арнап балалар өз өнерлерін көрсетті. Балалар өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын аналарына сыйлады.
"Аналар мерекесі - әлемге нұрын шашады" ортаңғы топ "Күншуақ"
05
март
2024
"Аналар мерекесі - әлемге нұрын шашады" ортаңғы топ "Күншуақ"
Мақсаты:  Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат беру, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу . Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. 
"Ана - өмір шуағы"  ортаңғы топ "Балапан"
04
март
2024
"Ана - өмір шуағы" ортаңғы топ "Балапан"
МАҚСАТЫ:   Аналар мерекесімен бірге күннің нұрын төгіп келген көктем мерекесінің ерекшеліктерін атай отырып, табиғаттың жаңаруын, құлпыруын балаларға жеткізу. Ешқашан аналарын ренжітпеуге, қолғанат болуға, құрметтей білуге тәрбиелеу. Ертеңгілікке барлық 25 бала қатысты. Балалар аналарына тақпақ, ән-билерін арнап, өнерлерін көрсетті. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Бояулар сыр шертеді". Ересек топ "Ботақан"
22
февраль
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Бояулар сыр шертеді". Ересек топ "Ботақан"
Міндеттері: Бояулардың сиқырлы сырлары жайлы тәжірибе жасап, түстер туралы білімдерін кеңейту.Дәстүрден тыс сурет салу әдіс-тәсілін пайдалану арқылы балалардың шығармашылығын дамыту. Балаларды ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.  тәрбиеші: Надырбаева Сандуғаш Сериковна
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Қыс қызығы"
20
февраль
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Қыс қызығы"
Ортаңғы топ "Балапан" Ұйымдастырылған іс-әрекет тақырыбы: "Қыс қызығы" Мақсаты: Қыс мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ойын арқылы баланың сөздік қорын дамыту, ойынға деген қызығушылығын арттыру. Тәрбиеші балалардан қыс мезгілі және қыс мезгіліндегі даладағы ойын түрлері туралы сұрады. Балалар қыс мезгілі туралы тақпақ айтты. Кейіпкер болып ақ қоян келді. Ақ қоян балалармен бірге "Аңдарды тап", "Қар жинау" ойындарын ойнады. Балалар топқа бөлініп, шығармашылық
Ұйымдастырылған іс- әрекет : "Мақал - мәтел - маржан сөз" ортаңғы топ "Балапан"
09
февраль
2024
Ұйымдастырылған іс- әрекет : "Мақал - мәтел - маржан сөз" ортаңғы топ
 Мақсаты: Салт дәстүрді сүюге тәрбиелеу. Мақал-мәтелдердің  мағынасын түсіндіру.  Мақал өте ертеден келе жатқан,мағынасы өте кең бір немесе екі тармақтан құралған,қара сөз немесе өлең сияқты ұйқасты болып келген қысқа ғана нақыл сөздер.  Балалар Отан туралы, туған жер, өнер тақырыптарына байланысты жаттаған мақал-мәтелдерді сурет арқылы айтып берді.  Көз- қорқақ, қол - батыр. Әке - асқар тау. Бала тілі - бал. Отанды сүю о тбасынан басталады. Әке - бәйтерек, бала - жапырақ. "Өнер сыры - өрнекте"
"Мақал - сөздің мәйегі"
08
февраль
2024
"Мақал - сөздің мәйегі"
Мақсаты: Мақал-мәтел,жұмбақ,жаңылтпаш түрлерімен таныстыру, ата бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Сөз өнері арқылы балалардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу. Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту. Ертеңгілік тақырыпқа сай безендірілген музыкалық залда, ересек тобының тәрбиеленушілерінің қатысуымен өткізілді. Ата-ана Құрманбекова Фарида әже рөлінде қонаққа келді. Әже балаларға жұмбақ жасырып, ән айтып берді. Балалар
"Қыс қызығы" эстафеталық жарыс
29
январь
2024
"Қыс қызығы" эстафеталық жарыс
Мақсаты: Балалардың қыс туралы түсініктерін кеңейтіп, қысқы ойындар мазмұнын меңгерту, спорт туралы білімдерін кеңейту, қызығушылықтарын арттыру. Бала денесін ойын арқылы қозғалысқа келтіріп, таза ауада шынықтыру. Іс-әрекетке деген қызығушылығын ойын арқылы қалыптастыру. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Қатысушылар: " Ботақан", " Қарлығаш" ересек топтары. Д/ш нұсқаушысы Мамраимов Еркебулан
Сурет салу: "Қошқар мүйіз оюы" ересек топ "Ботақан"
12
январь
2024
Сурет салу: "Қошқар мүйіз оюы" ересек топ "Ботақан"
Сурет салудың дәстүрден тыс әдістерін пайдалану. "Бастыру әдісі" әртүрлі заттармен бастыру арқылы сурет салу балаларда жағымды эмоция, қызығушылық тудырады. Балалар "Қошқар мүйіз" оюын бастыру үшін поролонды қолданды.  Т әрбиеші: Акинбаева Сандуғаш
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз