Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Келді міне, Жаңа жыл!" ортаңғы топ "Күншуақ"
28
декабрь
2023
"Келді міне, Жаңа жыл!" ортаңғы топ "Күншуақ"
Жаңа жыл - жыл бойы күтетін,Аяз ата мен Ақшақарға сеніп,ертегі мен ғажайыпқа толы ең сиқырлы, көңілді мереке. Меркеге сай  безендірілген зал, әсем шырша, сыйлықтар ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Жасыл шырша,Аяз Ата мен Ақшақар, қасқыр, түлкі, қоян, аю, балаларды  қуантқан біздің мерекенің кейіпкерлері.  Балалар би биледі, ән айтты, өлең оқыды, ата-аналар ойындар мен жарыстарға  қуана қатысты. Балалар Аяз Ата мен Ақшақардан   көптен күткен сыйлықтар алды.
"Ғажайып Жаңа жыл!" ересек топ "Ботақан"
28
декабрь
2023
"Ғажайып Жаңа жыл!" ересек топ "Ботақан"
Жаңа жыл мерекесі - жасыл шырша.жылтырлаған шамдар ілінген музыкалық залда өткізілді. Балалардың жыл бойы күткен қонақтары Аяз ата мен Ақшақар келді. Алыс жолдан шаршап келген Аяз ата балалардың өнерін тамашалап, қуанып қалды. Аяз атадан сыйлық алуға қасқыр, қоян,түлкі де келді. Орман жануарлары ата-аналармен ойын ойнап, жарыстарға қатысты. Балаларға мереке ұнап, мәз-мейрам болды. Аяз ата мереке соңында балалар мен  орман жануарлары көптеген сыйлықтар берді.
"Қош келдің, Жаңа жылым!" ортаңғы топ "Балапан"
28
декабрь
2023
"Қош келдің, Жаңа жылым!" ортаңғы топ "Балапан"
Мерекеге  "Балапан" тобының барлық балалары қатысты. Ақұлпа болып киінген қыздар Ақшақармен, кішкентай Аяз аталар үлкен Аяз атамен би биледі. Аяз атаға жаттаған тақпақтарын айтып берді. Ата-аналар балаларымен бірге ойын ойнап, жарыстарға қатысты. Барлық балалар Аяз атадан алған сыйлықтарына мәз болып, қуанып қалды.
"Өнеріміз саған - Қазақстан" облыстық фестиваль
20
декабрь
2023
"Өнеріміз саған - Қазақстан" облыстық фестиваль
Ұлттық өнерді меңгерген барлық этностардың мектеп жасына дейінгі балаларының қатысуымен "Өнеріміз саған - Қазақстан!" атты облыстық фестиваліне балабақшамыздың бүлдіршіні Камбаров Сулейман анасы Ахметова Белгиза қатысты. "Үздік шебер" номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сагынбекова Гулмира Мырзахановна ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 
"Тәуелсіздік тұғырым" ересек топ "Ботақан"
15
декабрь
2023
"Тәуелсіздік тұғырым" ересек топ "Ботақан"
Мақсат: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының   рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру.
"Тәуелсіз елдің ұланымыз!"
14
декабрь
2023
"Тәуелсіз елдің ұланымыз!"
"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай балабақшада ортаңғы топ балаларына "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекет ұйымдастырылды. Іс-әрекетте балалар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мәнерлеп тақпақ  айтып, әнұранды орындады. Екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындап, ән айтып,би билеп жарысқа түсті. 
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
Ертеңгілік балабақшамыздың музыкалық залында өткізілді. "Қарлығаш" ересек тобының барлық балалары ұлттық киіммен қатысты. "Жаяу тартыс", "Аударыспақ", "Күш сынаспақ" ұлттық ойындары ойнатылды. Арайлым,Назым,Қарақат Ақсезім "Қамажай" биін, барлық ұл балалар "Батырлар" биін биледі. Балалар ойын ережесіне қарап, қызығып ойнады.  Топ тәрбиешілері Тлеубердиева Баян және Ескалиева Нургулсум ертеңгіліктің жақсы өтуіне жауапкершілікпен дайындалды.  
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
"Күншуақ" ортаңғы тобы.  "Қораз күрес" ойынында балалар бір аяқпен секіруге, ептілікке баулыды. Ойынға шыққан балалар аяқтарын түсірмей ойынды ережесімен ойнауға барынша тырысты. Алижан мен Асқар ойынға шығып, Асқар жеңіске жетті. "Сақина тастау", "Қозы", "Күш сынасу" ойындары ойнатылды.  топ тәрбиешілері: Сагынбекова Гулмира, Халмуратова Зубайда
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
"Ботақан" ересек тобы. "Ұлттық ойындар" ертеңгілігіне топтағы барлық балалар ұлттық киім киіп қатысты.  Аспаймын,саспаймын, тақияны кімге тастаймын - деп "Тақия тастамақ" ойынын ойнады. Ойында қуып жете алмаған бала айыбын ән айтып, би билеп өтеді. Ұл балалар ортаға шығып күш сынасып, білектесіп "Күш сынаспақ" ойынына шықты. Қатысушылардың арасынан Мұхтар Нұрасыл жеңіске жетті. Топтағы қыздар мен ұлдар екі топқа бөлініп "Арқан тартыс" ойынына шықты. Алғашқысында ұлдар жағы сәл әлсіздеу болып,
"ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
"ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
"Балапан" ортаңғы тобында "Ұлттық ойындар күні" ертеңгілігі ұйымдастырылды. Балалар іс-шараға сай ұлттық киіммен, жас ерекшеліктеріне қарай ойындар ойнады. "Асық ату" ойынына ұл балалар шығып, Байұзақ Али асықты дәлдеп жеңіске жетті.  "Ханталапай" ,"Жаяу тартыс" ойынында Жанат Жанали, Өмірұзақ Амирлан ептілігімен жеңіске жетті. Топ тәрбиешілері Маметова Алия,Мархабаева Анар ертеңгілікке өте жақсы деңгейде дайындалған. 
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз