Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ғажайып сандық"
18
апрель
2024
"Ғажайып сандық"
Балабақша тәрбиешілерінің қолымен жасалған "Ғажайып сандық" ойыны. Ойынның мақсаты: балаларға ұлттық құндылықтарымызды ойын арқылы түсіндіріп, қызығушылықтарын арттыру.
"Мен ғарышкер боламын" балалар көрмесі
11
апрель
2024
"Мен ғарышкер боламын" балалар көрмесі
Тақырыбы: «Мен ғарышкер боламын» Міндетті:  Ғарыш, ғарышкер туралы түсініктерін қалыптастыру; Шығармашылыққа баулу; Ата-ана мен балабақша арасындағы сабақтастықты арттыру; Қысқаша мазмұны: Балалар өздеріне керек емес дүниелерден көрме жасаған. Әр бала өзінің ойларын толық айтып ата-аналар көмегімен көрмелер жасаған.  Олар мақталар, қағаздардан, түрлі-түсті қарындаштардан, түрлі-түсті картондардан  өз қолдарымен көрме   дайындаған. 
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ғарыш әліміне саяхат" ересек топ "Ботақан"
11
апрель
2024
Ұйымдастырылған іс-әрекет: "Ғарыш әліміне саяхат" ересек топ "Ботақан"
12 Сәуір "Ғарышкерлер күніне" орай "Ботақан" тобында "Ғарыш әлеміне саяхат" атты тақырыпта ұйымдастырылған іс-әрекет өткізілді. Балаларға ғарыш, ғарыштық ұшулар, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері туралы түсінік берді. Ойын тапсырмалар орындап, ғарыш әлеміне деген қызығушылықтарын арттырды. тәрбиеші: Акинбаева Сандуғаш Габитбековна
"Ғарышкерлер күні" атты аудандық сурет салу байқауы
02
апрель
2024
"Ғарышкерлер күні" атты аудандық сурет салу байқауы
Аудандық сурет салу байқауына "Балапан" ортаңғы тобының тәрбиеленушісі Сейфатова Хаят қатысты. Жұмыс тақырыбы "Ғарыш әлемі", суретті салуда гуашьты пайдаланды. Жетекшісі Мархабаева Анар Жаксылыковна. "Қарлығаш" ересек тобынан Қоблан Ұлдана жетекшісі Тлеубердиева Баян Тастанбековна екеуі "Ғарыштағы зымыран" суретін салды. Байқауға қатысушы тәрбиеленушілерге сәттілік !!!
"Наурыз - жыл басы!" ортаңғы топ "Күншуақ"
20
март
2024
"Наурыз - жыл басы!" ортаңғы топ "Күншуақ"
"Күншуақ" тобының балалары да   Наурыз тойын тойлады. Ата-аналар тәрбиешілерімен бірге дастархан жайып, қазақ халқының ертегілерін сахналап  көріністер қойды. Сонымен қоса, мерекеге орай дайындаған ән мен жыр, би мен күй ойналды. Жалпы балабақша ұжымы күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесіне айрықша әзірленген.
"Қош келдің, Әз Наурыз!" ортаңғы топ "Балапан"
18
март
2024
"Қош келдің, Әз Наурыз!" ортаңғы топ "Балапан"
Наурыз - көнеден келе жатқан мереке.  Наурыз мерекесінен балалар да шет қалмады. Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат - салт-дәстүр, Наурыз құндылықтарын дәріптеу. Ата-аналар мен тәрбиешілер мерекені ұйымдастырып, балалармен бірге ұлттық ойындар ойнап, ән айтып, би биледі.  
"Ана -  асыл қазынам" ересек топ "Ботақан"
07
март
2024
"Ана - асыл қазынам" ересек топ "Ботақан"
Мақсаты: Балаларды мейірімділікке, ананың өлшеусіз еңбегін бағалауға үйрету. Анаға деген балалық махаббатын өз шығармаларында жырлай білу. Дүниедегі жақсылық атаулының бәрі де күннің нұрынан, ананың мейірімінен тарайтындығын түсіндіру.  Аналар "Кім тапқыр?" ойынында берілген мақал-мәтелдің жалғасын табу керек. Балалар аналарына ән -жыр, билерін арнады. 
"Терезе алдындағы бақша" ортаңғы топ "Күншуақ"
06
март
2024
"Терезе алдындағы бақша" ортаңғы топ "Күншуақ"
Мақсаты: Өсімдіктерді бөлме жағдайында өсіру туралы түсініктерін қалыптастыру. "Күншуақ" ортаңғы тобының тәрбиешісі Халмуратова Зубайда Шариповна "Терезе алдындағы бақша" тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет барысында балаларға жаңа өсімдікті тұқым сеуіп өсіруге болатындығын түсіндірді. Балалар пияз отырғызу, тұқым себуге белсенді қатысып, өз беттерінше жұмыс жасады.
"Қош келдің, алғашқы көктемім!" ересек топ "Қарлығаш"
06
март
2024
"Қош келдің, алғашқы көктемім!" ересек топ "Қарлығаш"
Мақсаты: анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру. Ананы құрметтеу, сылай білуге, балалардың бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу. Мерекеге келген аналарына арнап балалар өз өнерлерін көрсетті. Балалар өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын аналарына сыйлады.
"Аналар мерекесі - әлемге нұрын шашады" ортаңғы топ "Күншуақ"
05
март
2024
"Аналар мерекесі - әлемге нұрын шашады" ортаңғы топ "Күншуақ"
Мақсаты:  Балаларға аналар мерекесі туралы мағлұмат беру, аналарды сыйлауға, құрметтей білуге тәрбиелеу . Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру. 
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз