06
март
2023
Ертеңгілік "Анашым-жан шуағым!"
Ересек топ "Күншуақ". 8-Наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған ертеңгілік "Анашым-жан шуағым!". Мақсаты: мерекелік көңіл-күйін құру. Анасына, әжесіне деген сыйластыққа тәрбиелеу. Мерекеге сай безендірілген залға екі ұл, бір қызды ертіп шығып гүл сыйлайды. Балалар аналарына арнап ән салып,тақпақтарын арнады. Ұлдар "Жігіттер" әніне және "Менің әжем" әніне әже болып киініп, би билеп берді. "Менің анам сұлу" ойынында анасымен бірге қиынды суреттерден анасының бейнесін құрастырды. "Кім жылдам" ойынында түрлі-түсті кішкентай шарларды жабыстырмақ арқылы өз ыдысына жинады. Қыздар "Тауыс құс" және "Өзбек қыз" әніне би биледі. Балабақша меңгерушісі және ата-аналар сөз сөйлеп мерекемен құттықтады. Ал, балалар аналарына,әжелеріне өз қолдарымен жасаған ашық хатты сыйлады. Ертеңгілікке 30 бала қатысты. Тәрбиешілер: Сагынбекова Гулмира, Ескалиева Нургул. Тәрбиеші көмекшісі: Шоранова Мирангул








