09
октябрь
2024
"Баланың дамуындағы халық ертегілерінің рөлі"
"Баланың дамуындағы халық ертегілерінің рөлі" тақырыбында ата-аналарға тәрбиеші Гулмира Сагынбекова балаларды рухани құндылықтарға тәрбиелеуде ертегілердің атқаратын рөлі зор екені туралы кеңес берді.
«Ертегі» халық арасында кең таралған ұғым. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрінде ертегі ерекше орын алған, алады да. Ертегі көбінесе халықтың тұрмысы, кәсібіне байланысты, қоғам өмірінің шындығынан туындаған. Ертегі арқылы балаға «жақсыдан үйренуді, жаманнан жиренуді» үйреткен. Ертегі айту балалардың сөздік қорын байытуға, ауызекі сөйлеуге, ойлау қабілетін дамытуға ықпал еткен. Ертегі айту арқылы ұрпағының бойында ізгі қасиеттерді қалыптастырып, толық адам болудың іргетасын қалаған. Кез-келген қазақтың баласы жастайынан ертегі тыңдап өскен. Қазіргі күні балаға жырды айтпасақ та, ең болмаса баланы ертегілерден кенде қылмауымыз керек.