"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Қарлығаш» ересек тобында «Табиғат аясында» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шара өткізілді. Шығармашылық бөлімде жапсыру бойынша «Күлімдейді күн маған» тақырыбында жұмыс жүргізілді. Балалар дайын пішіндерді пайдалана отырып, күннің бейнесін құрастырып жапсырды. Жұмыс барысында түстерді үйлестіру, пішіндерді дұрыс орналастыру және ұқыпты жұмыс жасау дағдылары жетілдірілді.