"Жаз да келді, көңілді" апталығы
«Жаз да келді, көңілді» апталығында «Ботақан» ересек тобында «Сабын көпіршіктері күні» атты көңілді ойын-сауық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында балалар сабын көпіршіктерінің пайда болу ерекшеліктерімен танысып, түрлі ойындар мен жарыстарға қатысты. Атап айтқанда, «Ең үлкен көпіршік», «Көпіршікті ұстап ал», «Көпіршіктер шеруі» сияқты ойындар ұйымдастырылды. Балалар сабын көпіршіктерін үрлеп, олардың әсемдігіне қызығушылық танытып, бір-бірімен достық қарым-қатынаста әрекет етті.