"Жаз да келді, көңілді" апталығы
Жаз да келді, көңілді» апталығында «Балапан» ортаңғы тобында «Теңіздегі тіршілік» тақырыбында танымдық-шығармашылық іс-шара өткізілді. Мақсаты: тәрбиеленушілердің су әлемі туралы білімдерін кеңейту, теңіз жануарлары мен өсімдіктері туралы түсініктерін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген қызығушылықтарын арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалар теңіздегі тіршілік иелерімен танысып, балықтар, дельфиндер, теңіз жұлдыздары, медузалар және басқа да су жануарлары туралы әңгімелесті.