30
март
2026
«Театр күні-мереке» фотобұрыштар
Балабақшада Халықаралық театр күні мерекесіне орай «Театр күні – мереке» тақырыбында фотобұрыштар ұйымдастырылып, өткізілді. Аталған іс-шараның мақсаты – балаларды театр өнерімен таныстыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және сахналық мәдениетке қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында әр топта арнайы безендірілген фотобұрыштар жасақталды. Фотобұрыштар театр кейіпкерлерінің бейнелерімен, ертегі желісімен және түрлі сахналық атрибуттармен (маскалар, костюмдер, декорациялар) көркемделді. Балалар өздеріне ұнаған кейіпкерлердің рөлін сомдап, фотосуретке түсіп, ерекше әсер алды.








