Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Ана тілім - ардақтым!" ертеңгілігі
22
сентябрь
2023
"Ана тілім - ардақтым!" ертеңгілігі
Мақсаты: Балалардың өз ана тілі туралы түсініктерін қалыптастыра отырып тілін дамыту, әңгімелесі, тақпақтар айту арқылы ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру.      "Қарлығаш" ересек тобында "Тілдер мерекесіне" орай ұйымдастырылған ертеңгілікке барлық 25 бала қатысты. Амангелді Айару "Ана тілім" әнін шырқап берді. Балалар тіл тақырыбына қатысты мақал-мәтел айтып жарысты. Ана тілі - ұраным Ана тілім - құралым  Ана тілім болмаса  Мықты болмас тұрағым- деп, мәнерлеп тақпақтарын айтып берді. 
"Түрлі-түсті кемпірқосақ күні"
24
август
2023
"Түрлі-түсті кемпірқосақ күні"
Мақсаты: Кемпірқосақтың ғажайып жеті түсімен таныстыру және оны ретімен орналастыруға үйрету. Балалар алдын ала ақ қағазға сызылған кемпірқосақтың бейнесіне түрлі-түсті қағаздан қиылған қималарды желім арқылы жапсырды. Әр түсті өз қалаулары бойынша орналастырды. Балалар екі топқа бөлініп, ұжымдық жұмысты қызыға орындады."
"Көңілді доптар" ойын сауық
17
август
2023
"Көңілді доптар" ойын сауық
Мақсаты: Балаларды доппен таныстыру. Доптың сипаттамасымен таныстыру. Адымдап, аяқты жоғары көтере, допты еркін пайдалана білуге дамыту. Ортаңғы топ "Ботақан". Тәрбиеші Халмуратова З.Ш 
Көрме "Гүлдер әлемі"  ортаңғы топ "Балапан"
11
август
2023
Көрме "Гүлдер әлемі" ортаңғы топ "Балапан"
Балалардың ата-аналарымен бірлесіп  жасаған жұмыстары. 
"Гүлдер әлемі" ертеңгілігі
10
август
2023
"Гүлдер әлемі" ертеңгілігі
Мақсаты: Гүлдер туралы түсініктерін кеңейту. Балаларды әсемдікке, әдемілікке баулу. түстер туралы ұғымын бекіту. Музыка залы тақырыпқа сай безендірілді. Ертеңгіліке барлық топтағы балалар қатысты. Әр топ өз өнерлерін көрсетті. Ересек топ қыздары "Гүлдер" биін биледі, ортаңғы топ балалары гүл туралы жыр шумақтарын айтып берді. "Көбелектер" ойынын ойнады. Ойын арқылы балалар түсті танып,білді.  
Құм терапиясы: "Құм қалашығы"
04
август
2023
Құм терапиясы: "Құм қалашығы"
Құм - өте ұсақ ақ түсті, сары қоңыр, сұр және қызғылт түсті болады. Құм бала үшін магнит сияқты өзіне тартымды зат. Құммен ойын балалар мен ересектердің эмоционалдық хал-жағдайларына оң әсер етеді, бұл баланың өзіндік дамуы үшін тамаша құрал болып табылады. 
"Су асты патшалығына саяхат" ойын-сауық мерекесі
12
июль
2023
"Су асты патшалығына саяхат" ойын-сауық мерекесі
Жаз мезгіліндегі балалардың ең ұнататыны суға шомылу, су ойындары. Сондықтан да, балалар осы мерекені асыға күтті. Мерекеге қонаққа Су патшасы және Кикимора, Динго бақа қонаққа келді. Балалар су ойындарын ойнап, түрлі жарыстарға қатысты. Тәтті ұстаған балыққты аулап, тәттіге қарық болды. Мереке соңында су шашып ойнап, бассейнге шомылды. 
"Ғажайып панама" сән байқауы
14
июнь
2023
"Ғажайып панама" сән байқауы
Барлық топтар арасында ата-аналармен бірлесіп ұйымдастырылған сән байқауы.  Мақсакты: Жаз мезгілінде киетін бас киімді өз қиялымын сәндеп, жасау.  Балалар ата-анасы өз қолымен жасаған бас киімді мақтанышпен киіп, байқауға қатысты. Барлық бала жеңімпаз болуға лайықты болды. 
Спорттық ойын-сауық "Қазақтың ұлттық ойындары"
08
июнь
2023
Спорттық ойын-сауық "Қазақтың ұлттық ойындары"
"Балапан", "Ботақан" ортаңғы топтар арасында спорттық ойын-сауық ұйымдастырылды. Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық ойындары туралы жалпы түсінік беру. Баланы тапқырлыққа,жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке, батылдыққа үйрету. "Қол күрес", "Арқан тарту", "Асық ату", "Қыз қуу" ойындары ойнатылды.Жеңіске жеткен топ марапатталды.
"Қош бол,балабақша!" балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
02
июнь
2023
"Қош бол,балабақша!" балабақшамен қоштасу ертеңгілігі
Екі жыл тәрбиеленген тәрбиеленушілер балабақшамен қоштасып, "Қарлығаш" ересек тобынан 26 бала мектепке жолдама алды. ертеңгілікті әдеттегідей балалар қоштасу вальс биімен бастады. Тәрбиеші апайларына, балабақша ұжымына алғыстарын айтып, ән-билерінен шашу шашты. "Қарлығаш" ересек тобы,топ тәрбиешілері Тлеубердиева Баян, Маметова Алия
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Июнь 2026    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз