Жамбыл облысы
Байзақ ауданы білім бөлімінің
"Салтанат" балабақшасы
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі:
+7(72637) 20-5-06
+7 (747) 998 37 02 (әдіскер)
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Өнеріміз саған - Қазақстан" облыстық фестиваль
20
декабрь
2023
"Өнеріміз саған - Қазақстан" облыстық фестиваль
Ұлттық өнерді меңгерген барлық этностардың мектеп жасына дейінгі балаларының қатысуымен "Өнеріміз саған - Қазақстан!" атты облыстық фестиваліне балабақшамыздың бүлдіршіні Камбаров Сулейман анасы Ахметова Белгиза қатысты. "Үздік шебер" номинациясы бойынша ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сагынбекова Гулмира Мырзахановна ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! 
"Тәуелсіздік тұғырым" ересек топ "Ботақан"
15
декабрь
2023
"Тәуелсіздік тұғырым" ересек топ "Ботақан"
Мақсат: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының   рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге дағдыландыру.
"Тәуелсіз елдің ұланымыз!"
14
декабрь
2023
"Тәуелсіз елдің ұланымыз!"
"Тәуелсіздік күні" мерекесіне орай балабақшада ортаңғы топ балаларына "Тәуелсіз елдің ұланымыз" атты ашық ұйымдастырылған іс-әрекет ұйымдастырылды. Іс-әрекетте балалар Қазақстан Республикасының рәміздері туралы мәнерлеп тақпақ  айтып, әнұранды орындады. Екі топқа бөлініп тапсырмаларды орындап, ән айтып,би билеп жарысқа түсті. 
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
Ертеңгілік балабақшамыздың музыкалық залында өткізілді. "Қарлығаш" ересек тобының барлық балалары ұлттық киіммен қатысты. "Жаяу тартыс", "Аударыспақ", "Күш сынаспақ" ұлттық ойындары ойнатылды. Арайлым,Назым,Қарақат Ақсезім "Қамажай" биін, барлық ұл балалар "Батырлар" биін биледі. Балалар ойын ережесіне қарап, қызығып ойнады.  Топ тәрбиешілері Тлеубердиева Баян және Ескалиева Нургулсум ертеңгіліктің жақсы өтуіне жауапкершілікпен дайындалды.  
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ  ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
"Күншуақ" ортаңғы тобы.  "Қораз күрес" ойынында балалар бір аяқпен секіруге, ептілікке баулыды. Ойынға шыққан балалар аяқтарын түсірмей ойынды ережесімен ойнауға барынша тырысты. Алижан мен Асқар ойынға шығып, Асқар жеңіске жетті. "Сақина тастау", "Қозы", "Күш сынасу" ойындары ойнатылды.  топ тәрбиешілері: Сагынбекова Гулмира, Халмуратова Зубайда
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
ЕРТЕҢГІЛІК "ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
"Ботақан" ересек тобы. "Ұлттық ойындар" ертеңгілігіне топтағы барлық балалар ұлттық киім киіп қатысты.  Аспаймын,саспаймын, тақияны кімге тастаймын - деп "Тақия тастамақ" ойынын ойнады. Ойында қуып жете алмаған бала айыбын ән айтып, би билеп өтеді. Ұл балалар ортаға шығып күш сынасып, білектесіп "Күш сынаспақ" ойынына шықты. Қатысушылардың арасынан Мұхтар Нұрасыл жеңіске жетті. Топтағы қыздар мен ұлдар екі топқа бөлініп "Арқан тартыс" ойынына шықты. Алғашқысында ұлдар жағы сәл әлсіздеу болып,
"ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
30
ноябрь
2023
"ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР"
"Балапан" ортаңғы тобында "Ұлттық ойындар күні" ертеңгілігі ұйымдастырылды. Балалар іс-шараға сай ұлттық киіммен, жас ерекшеліктеріне қарай ойындар ойнады. "Асық ату" ойынына ұл балалар шығып, Байұзақ Али асықты дәлдеп жеңіске жетті.  "Ханталапай" ,"Жаяу тартыс" ойынында Жанат Жанали, Өмірұзақ Амирлан ептілігімен жеңіске жетті. Топ тәрбиешілері Маметова Алия,Мархабаева Анар ертеңгілікке өте жақсы деңгейде дайындалған. 
"Әжелер ертегі айтады"
27
ноябрь
2023
"Әжелер ертегі айтады"
Балабақшада 2023 жылдың 22 қараша күні Ботамойнақ ауылдық округінің аналар алқасының ұйымдастыруымен "Әжелер ертегі айтады" атты тақырыппен іс-шара өтті. Аналар алқасының мүшелері Зағипа, Зара, Рабиға әжелеріміз қонаққа келді.  Ерте,ерте,ертеде...деп, халқымыздың ауыз әдебиетіндегі ең бай асыл мұраларының  бірі - ертегі туралы кеңінен айтылып, "Қарлығаш пен дәуіт", "Қолтырауынның мұрны неге ұзын", "Түлкі мен қоян" ертегілері тыңдалды. Әжелеріміз құбылытып айтқан ертегі, әңгімені балалар сүйсіне
"АЛТЫН КҮЗ-АСЕМ АЙНАЛАМ"
27
ноябрь
2023
"АЛТЫН КҮЗ-АСЕМ АЙНАЛАМ"
Ортаңғы  "Күншуақ" тобының "Алтын күз-асем айналам"  ертеңгілігіне топтағы барлық бала қатысты. Балалар мерекеге сай киініп, би билеп, ән айтты. Ертеңгілікке "Күз ханшайымы"  ата-ана Ахметова Белгиза қонаққа келді. "Күзгі сән үлгісі" тақырыбында балалар ата-анасы қолдан жасап берген киімдерден сән үлгісін көрсетті.  Тәрбиешілер Сағынбекова Гулмира, Халмуратова Зубайда Музыка жетекшісі Рланова Перизат
Серуен кезіндегі еңбек. "Күншуақ"  ортаңғы топ
24
ноябрь
2023
Серуен кезіндегі еңбек. "Күншуақ" ортаңғы топ
Мақсаты:Балаларды тазалыққа бейімдеу, еңбекке баулу.  Балалар өздері ойнайтын ауладағы ойын алаңын жапырақтардан тазартып, жинады.
ТВ-Видео
Фотогалерея
ХАБАРЛАНДЫРУ !!! "Салтанат" балабақшасында 3 жастан 5 жасқа дейінгі мектепке дейінгі ұйымға бармайтын балаларға (балабақшадағы балаларға да қатысты) және оның ата-аналарына (заңды өкілдерге) арналған КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ПУНКТ жұмыс жасайды.Ата - аналарға жаднама хабарландыруХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ! "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралыХАБАРЛАНДЫРУ!  "Салтанат" балабақшасы МКҚК уақытша (декреттегі тәрбиеші) бос тұрған тәрбиеші лауазымына конкурс жариялау туралы"2022-2023 оқу жылында тәрбиелеу мен оқыту процесінің ерекшеліктері мен жаңалықтары" тақырыбында ата-аналар жиналысы«Салтанат» балабақшасы МКҚК мекемесінің бос тұрған музыка  жетекшісі лауазымына конкурс жариялау туралы хабарландыру.
Күнтізбе
«    Ноябрь 2025    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Дауыс береміз
Сайтымызды бағалаңыз